Жария оферта

Осы құжат «Qazaq Republic» ЖШС интернет-дүкені (бұдан әрі – «Интернет-дүкен») мен интернет-дүкен қызметтерін пайдаланушының арасындағы оферта болып табылады, тауарларды интернет-дүкеннің https://qazaqrepublic.com сайты арқылы сатып алу шарттарын анықтайды.

1.          ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1.      Құжат Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 396-бабы 3-тармағына сәйкес оферта болып табылады, Сатып алушымен Тауарды сатып алу-сату шартын (бұдан әрі – «Шарт») жасасу үшін барлық маңызды талаптарды қамтиды. 
1.2.      Шартта маңызды ақпарат, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, Интернет-дүкенді пайдалануға, тапсырыс талаптарына, Тауарды сатып алу мен алуға, Тауарды пайдалануға, Тауарды қайтаруға қатысты ақпарат келтірілген. 
1.3.      Офертаны Қазақстан Республикасының аумағындағы Тауарды Интернет-дүкен арқылы, Акцепт жасау жолымен сатып алуға ниеті бар кез келген тұлға қабылдай алады. 
1.4.      Егер Келуші Интернет-дүкенді пайдалануды, Тауарға тапсырыс беруді және оны сатып алуды қаласа, онда ол Офертада келтірілген талаптармен өз бетінше танысуға міндетті.
1.5.      Келуші Офертада келтірілген ережелермен келіспеген жағдайда, ол Сайтты пайдалануды дереу тоқтатуға және одан кідіріссіз шығуға тиіс.
1.6.      Келуші Офертада келтірілген ережелермен келіспеген жағдайда ол Сайтты пайдалануды кідіріссіз тоқтатуға және одан дереу шығуға тиіс. Келушінің Сайтты әрі қарай пайдалануы (соның ішінде Тауарды сатып алуы) Келушінің Оферта талаптарымен танысқанын және олармен сөзсіз келіскенін білдіреді.
1.7.      Келушіде тапсырыспен және/немесе Тауарды алумен және/немесе қайтарумен байланысты сұрақтары, Интернет-дүкенге немесе жалпы Сатушыға қатысты сұрақтары болған, бірақ оған қарамастан Келуші Интернет-дүкенді пайдалануды бастап/жалғастырып жатқан, Сатушымен дүкеннің Интернет-сайтында көрсетілген байланыс деректері бойынша байланыспай, Тауарларға тапсырыс беріп және сатып алып жатқан жағдайда Келуші Сатушыға Интернет-дүкенді пайдаланумен және тапсырысты жүзеге асырумен және Тауарды сатып алумен байланысты қандай да бір наразылықтарды білдірмеуге міндеттенеді.
1.8.      Тауарға тапсырысты Интернет-дүкенде орналастыру арқылы Сатып алушы Шарттың талаптарымен сөзсіз келіседі және оларды қабылдайды. 
1.9.      Сатушы Шартты сайтта жаңа редакцияда орналастыру арқылы Келушіге хабарлай отырып, Шарттың талаптарын бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы.
1.10.   Келуші Интернет-дүкеннің интерактивті ресурстарын мақсаты бойынша пайдалануға, пікір қалдыруға, материалдарға түсіндірме беруге, өз материалдарын жариялауға және мұндай функционал болған жағдайда онлайн-коммуникация жүргізуге құқылы. 

2.         ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

2.1.      Әкімшілік – Сатушының уәкілетті өкілдері.
2.2.      Акцепт – Шарттың 4-бөлімінде көрсетілген іс-қимылдарды жүзеге асыру арқылы Офертаның талаптарын Келушінің толық және сөзсіз, ешқандай өзгертусіз қабылдауы, бұл Келушінің Тауарды Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 396-бабы 3-тармағына сәйкес Шарттың талаптарына сай сатып алуға ниетін білдіреді. Шарттың акцептісі Шартта көрсетілген талаптарға сәйкес Тараптар үшін құқықтық салдарды туындатады. 
2.3.      Банк/Банк–эквайер – Интернет-дүкен арқылы жасалатын тәулік бойғы төлем операцияларын жүргізуді қамтамасыз ететін екінші деңгейдегі банк. 
2.4.      Тапсырыс – Сатып алушының Интернет-дүкенде тиісті электрондық нысанды толтыру арқылы Тауарды сатып алуға тиісінше рәсімделген, Сатушы қабылдайтын және растайтын өтінімі.
2.5.      Интернет-дүкен – Тауарлар ұсынылған, сондай-ақ Тауарларды сату бойынша басқа да маңызды талаптар орналастырылған және Тапсырыстың нысаны қолжетімді болып тұратын Сайтта орналастырылған, Сатушы басқаратын интернет-платформа.
2.6.      Жеке кабинет – Сайттың жабық бөлімі, оған қол жеткізу белгіленген тәртіппен тіркелген соң жүзеге асырылады.
2.7.      Оферта – Сатушының кез келген тұлғаға жолданған, Офертада көрсетілген талаптармен Тауарды бөлшек сатып алу-сату шартын жасасуға жария ұсынысы болып табылатын осы құжат. Оферта Интернет желісіндегі Сайтта  келесі: https://qazaqrepublic.com/offer сілтемесі бойынша жарияланған және үздіксіз қолжетімді болып тұрады. 
2.8.      Сатып алушы – Сайттың Келушісі болып табылатын және Тауарды сатып алуға Интернет-дүкенде Тапсырысты рәсімдеген жеке тұлға.
2.9.      Келуші – Тауармен, Сайттың басқа контентімен танысу мақсатында, сондай-ақ Тапсырыстың рәсімделу мүмкіндігі үшін Сайтқа өткен жеке тұлға.
2.10.   Сатушы – «Qazaq Republic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 190940017589.
2.11.   Шарттың толықтығы. Шарт, Құпиялылық саясаты, сондай-ақ Сатушының осы Шарт талаптарымен байланысты және солардың негізінде туындауы мүмкін, Сайтта қолжетімді болып тұрған немесе Тапсырысты құру кезінде де, басқа да кез келген уақытта электрондық хабарламаларда жіберілетін, Сатып алушы мен Сатушының арасындағы Сайтты пайдалану, Тапсырыстарды құру, Тауарды айырбастау және қайтару бойынша тұтас келісімді құрайтын басқа кез келген саясаттары мен хабарламалары.
2.12.   Сайт – электрондық есептеуіш машиналарға арналған еркін визуалды танысу үшін ашық бағдарламалар мен көпшіліктің қол жеткізуі Интернет желісі арқылы https://qazaqrepublic.com/ сілтемесі бойынша қамтамасыз етілетін ақпараттық жүйеде орнатылған басқа ақпараттың жиынтығы. Келушінің Сайттың техникалық мүмкіндіктерін пайдалануы осы Шарттың ережелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
2.13.   Қолдау қызметі – Сатушының Келушілерден келіп түсетін өтініштерді өңдеу және қызмет көрсету үшін жауапты персоналы. Қызмет көрсету деп Келушінің өтініштеріне жауап ретінде оған тиісті ақпаратты ұсынуды айтады, бұл орайда мұндай ақпаратты Сатушы ұсына алатын болу керек. Қолдау қызметінің электрондық поштасы:  [email protected]
2.14.   Тауар – ол туралы ақпарат https://qazaqrepublic.com/shophttps://qazaqrepubli...  сілтемесі бойынша сайтта орналастырылатын өнім.
2.15.   Шарттың мәтінінде кездесетін қалған терминдер мен анықтамалардың барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсіндіріледі және қолданылады. 
2.16.   Шарттың тақырыптарының (баптарының) атаулары тек қана Шарттың мәтінін пайдалану ыңғайлы болу үшін қойылған және дәлме-дәл заңдық мәні жоқ.

3.         ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕННІҢ МӘРТЕБЕСІ

3.1.      Интернет-дүкен Сатушының меншігі болып табылады және тауарларды интернет желісі арқылы қашықтан сату тәсілін ұйымдастыруға арналған.
3.2.      Интернет-дүкен Келушіден Интернет-дүкеннің ресурсын Тауарды қарап шығу үшін пайдалануға арналған арнайы іс-қимылдарды, мысалы, Сайтта тіркелуді талап етпейді. 
3.3.      Интернет-дүкен тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушының ұсынған ақпаратының мазмұны және дұрыстығы үшін жауапкершілік көтермейді.

4.         ШАРТТЫ ЖАСАСУ ТӘРТІБІ. АКЦЕПТ

4.1.      Интернет желісінде: https://qazaqrepublic.com/offer сілтемесі бойынша үнемі орналастырылатын Шарттың мәтінінде Шарттың барлық маңызды талаптары, Тауарды сатып алу жағдайлары мен тәртібі қамтылған, және ол Сатушының Шартты Тауар сатып алу мақсатымен пайдалануды жоспарлап отырған кез келген тұлғамен Шарттың мәтінінде көрсетілген талаптармен Шарт жасасу туралы ұсынысы болып табылады. Осылайша, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395 және 396 баптарының ережелеріне сәйкес Шарттың мәтіні жария оферта болып табылады. 
4.2.      Оферта акцептісін Келуші келесі іс-қимылдардың ең болмағанда біреуін жүзеге асыру арқылы жүзеге асырады:
4.2.1.  Тауарларды қарап шығу үшін осы Интернет-дүкенді пайдалануды жалғастыру (Интернет-дүкенге қол жеткізу немесе қайта қол жеткізу); 
4.2.2.  Тауар сатып алуға Тапсырыс құру;
4.2.3.  Қолдау қызметіне сұрау жіберу;
4.2.4.  Тауар үшін ақша қаражаттарын төлеу.
4.3.      Егер Келуші:
(i)          Интернет-дүкенді пайдалануды жалғастырып жатқан болса (Интернет-дүкенге/Сайтқа қол жеткізуге немесе қайта қол жеткізуге рұқсат алса), және/немесе  
(ii)         Тауар сатып алуға Тапсырысты құрса, оны төлесе және/немесе 
(iii)        Қолдау қызметіне сұрау жіберсе, онда Келуші:
4.3.1.  осы Шартта келтірілген талаптарды сөзсіз, толығымен және ешқандай өзгертусіз қабылдайды, атап айтқанда Шарттың Акцептісін жүзеге асырады және мұндай Акцептіні жасаудың салдарын түсінеді;
4.3.2.  осы Шарттың талаптарымен танысқанын растайды және Сайтты пайдалану және Тапсырыстарды құру кезінде осы талаптарды қатаң сақтай отырып әрекет етуге келісетінін білдіреді және аталған талаптарды бұзған жағдайда Сатушының бұзушылықтарды жою және өзінің бұзылған құқықтарын осы Шарттың талаптары мен қолданыстағы заңнаманың ережелеріне сәйкес қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға құқылы болып табылатынымен келіседі;
4.3.3.  https://qazaqrepublic.com/privacy сілтемесі бойынша келтірілген дербес деректерді қорғау талаптарына (құпиялылық саясаттарына) сәйкес оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді;
4.3.4.  Сайтты және Интернет-дүкенді Тауар туралы ақпаратпен танысу үшін пайдалануға міндеттенеді. Бұл орайда осындай танысқан және нақты Тапсырыстарды орналастырған күнгі ақпарат қолданылады.
4.4.      Шарт Офертаға Келушінің Акцептісі жүзеге асырылған сәттен бастап, осы Бөлімнің 4.2-тармағында көзделген тәртіппен жасалған болып саналады. Төлем интернет-эквайринг сервистерінің немесе Сатушының Сайтта ұсынған басқа төлем құралдарының көмегімен жасалады. Бұл ретте төлем тиісті ақша қаражаттары сомасы Сатушының шотына есепке жазылған сәттен бастап жасалған болып саналады. 

5.          САТЫП АЛУШЫНЫҢ МӘРТЕБЕСІ

5.1.      Келуші Тапсырысты Сатушының Интернет-дүкенінде рәсімдеген және төлеген сәттен бастап Сатып алушы болып саналады. 

5.2.      Сатып алушы Тапсырысты рәсімдеу кезінде ұсынылған ақпараттың дұрыстығы үшін жауапкершілік көтермейді. 
5.3.      «Төлеу» «Тапсырысты рәсімдеу» батырмасын басу арқылы Сатып алушы осы Шарттың талаптарын оқығанын, түсінгенін және оны толықтай және сөзсіз қабылдайтынын растайды. 
5.4.      Интернет-дүкеннің ресурсын Тауарды қарап шығу және таңдау үшін, сондай-ақ тапсырысты рәсімдеу үшін пайдалану Сатып алушы үшін тегін болып табылады.

6.          ШАРТТЫҢ МӘНІ

6.1.      Сатушы Сатып алушының Тапсырысының (тарының) негізінде Сатып алушыға Тауарды, егер Сатушының қоймасында ол Тауар бар болса, Сатушының Интернет-дүкенде белгілеген талаптарына сай және бағалары бойынша сатады. 
6.2.      Сатып алушы тапсырыс берген және төлеген тауарларды жеткізуді Сатушының өзі немесе Сатып алушы Тауарды Сатушының қоймасынан өзі алып кету арқылы жүзеге асырады. Жеткізу құны осы Офертада 12-бөлімде белгіленген тәртіппен есептеледі. 
6.3.      Сатып алушы мен Сатушының арасындағы қатынастарға ҚР заңнамасының ережелері, соның ішінде Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің мәмілелер және бөлшек сауда туралы ережелері, сондай-ақ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері қолданылады.
6.4.      Осымен Тапсырысты Келуші құрған және төлеген жағдайда Офертаны Акцепттеу арқылы Келушінің Сатушымен жасасатын Шартынан туындайтын құқықтық қатынастарға Келушінің енетінімен Келуші келіседі және толығымен түсінеді. 

7.          ТАПСЫРЫСТАРДЫ ҚҰРУ ТАЛАПТАРЫ

7.1.      Келуші Тапсырысты Интернет-дүкенде Шарттың талаптарына сай өзі рәсімдей алады. Келуші Тапсырысты Интернет-дүкенде өзі немесе Шарттың талаптарымен Қолдау қызметі арқылы рәсімдей алады. 
7.2.      Интернет-дүкенде Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы өз туралы келесі ақпаратты ұсыну керек: 

  • Тауарды Сатып алушының немесе Тауарды Сатып алушының атынан қабылдайтын тұлғаның Т.А.Ә.;
  • Тауарды алу тәсілі (өзі әкету немесе жеткізу) және оны жеткізу мекенжайы (тауарды курьер арқылы жіберген жағдайда);
  • Тауар сатып алушының немесе Тауарды Сатып алушының атынан қабылдайтын тұлғаның байланыс телефоны;
  • Тауарды Сатып алушының электрондық поштасы;
  • Төлем ақпараты (төлем картасының деректері).

7.3.      Сатып алушының өз еркін білдіруі оның Интернет-дүкенде Тапсырыстың электрондық нысанына тиісті деректерді енгізуі арқылы немесе Қолдау қызметі арқылы өтінім беру арқылы жүзеге асырылады.
7.4.      Интернет-дүкен Сатып алушының Тапсырысты құру кезінде тиісті нысанға енгізген ақпаратын редакцияламайды және түзетпейді. Сатып алушы өзінің Тапсырыс нысанына енгізетін ақпаратының дұрыстығы, туралығы және өзектілігі үшін жеке-дара жауапкершілік көтереді.

8.         ТІРКЕУ

8.1.      Сайттың қызметтерін пайдалану және Тапсырысты құру үшін Келуші Сайтта тіркелуге және «Жеке кабинет» бөліміне кіруге рұқсат алуға тиіс. Тіркелу кезінде келесі деректерді көрсету қажет:

  • - тегі, аты, әкесінің аты;
  • - электрондық поштасының мекенжайы.
  • -ұялы телефон;
  • -жеке кабинетке кіретін құпиясөз.
8.2.      Қол жеткізу құпиясөзі. Сайтта тіркелген кезде Келуші Сайттың тиісті жолына Жеке кабинетке кіруге арналған құпиясөзді ойлап табуға және оны енгізуге тиіс. Олай етпеген жағдайда құпиясөз Тапсырысты құру кезінде автоматты түрде құрылады, берілген құпиясөз туралы хабарлама Тапсырыста көрсетілген электрондық поштаға келеді. Құпиясөз сенімді болуға және деректердің электрондық қауіпсіздігіне сай болуға тиіс. Келуші Жеке кабинеттегі бұрын құрылған құпиясөзді кез келген уақытта өзгерте алады. Қажет болған жағдайда Сайттағы құпиясөзді «өзгерту» «құпиясөзді өзгерту» функциясын пайдалануға болады. Келуші/Сатып алушы қол жеткізу құпиясөзін үшінші тұлғаларға айтпауға міндеттенеді. 
8.3.      Тіркелу кезінде көрсетілген деректерді Келуші/Сатып алушы Сайтта әрбір келесі авторизациялану кезінде енгізу керек. 
8.4.      Сайтта тіркелу/авторизациялану үшін қажетті деректердің тізбесін Сатушы өз қалауы бойынша өзгерте алады, бұл ретте мұндай өзгертулер тиісті өзгертулерді Шартқа міндетті түрде енгізуді талап етпейді. 
8.5.      8.1-тармақта көрсетілген деректерді Сайттың тиісті редакцияланатын жолдарына, тіркелу кезінде енгізілген Келушінің электрондық поштасына енгізгеннен кейін электрондық пошта мекенжайын растау үшін хабарлама жіберіледі. Келуші Сайтта тіркелу үдерісін аяқтау үшін осындай хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша өту керек.
8.6.      Келушінің Жеке кабинетке, өз Тапсырыстары мен Жеке кабинетте көрсетілген дербес ақпаратқа өз электрондық пошта мекенжайын (логинін) және қол жеткізу құпиясөзін пайдаланып, қол жеткізуге рұқсатын еркін түрде, кез келген уақытта пайдалануға құқығы бар.
8.7.      Сайтта тіркелу кезінде Келушіге қосымша Шарт талаптарымен танысу ұсынылады. Осы талаптармен келіспеген жағдайда Келуші Сайтты пайдалануды дереу тоқтатуы және одан шығуы керек. 

9.         ТАУАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ. ТАУАРДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ.

9.1.      Тауар Интернет-дүкеннің меншігі болып табылатын графикалық кескін-үлгілер арқылы Интернет-дүкенде ұсынылған.
9.2.      Әрбір графикалық кескін-үлгімен бірге мәтіндік ақпарат берілген: Тауардың атауы, бағасы және сипаттамасы, сондай-ақ қолжетімді өлшем торы. 
9.3.      Интернет-дүкенде ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтама ретінде берілген және Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары, Тауармен жанасудан болатын сезімдер, түсі, өлшемдері және пішіні туралы ақпаратты толық көлемде жеткізе алмайды. Келушінің Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтары пайда болған жағдайда Келуші Тапсырысты рәсімдемес бұрын Қолдау қызметіне жүгіну керек. 
9.4.      Сайттың әкімшілігі Сайтта ұсынылатын Тауарлар тізбесіне және/немесе бағаларға, мұндай Тауарларға оларды Интернет-дүкеннің өткізу бойынша қолданылатын сапалық сипаттамаларға өзгертулерді Келушіні хабардар етпей, кез келген уақытта енгізуге құқылы. 
9.5.      Интернет-дүкенде ұсынылған белгілі бір Тауарлар тек қана Интернет-дүкенде көрсетілген санда / өлшемде / көлемде сатылады. Сайтта көрсетілген саны / мөлшері / көлемі нақты санымен/мөлшерімен/көлемімен бірдей болуы мүмкін емес шартты бірлік болып табылады. 
9.6.      Сатып алушының өтініші бойынша Интернет-дүкеннің менеджері Сатып алушының пікірі бойынша Тауарды сатып алу туралы шешім қабылдауы үшін қажетті және жеткілікті басқа ақпаратты ұсынуға құқылы (телефон бойынша немесе электрондық пошта арқылы). 
9.7.      Тауарға барлық тапсырыстар Тауар Сатушыда болған жағдайда орындала алады. Тауарды жеткізу кезінде қиындықтар туындаған немесе Сатушының қоймасында Тауар болмаған жағдайда Тапсырыстың күші жойылады және Сатып алушыға барлық ақша қаражаттары Шарттың тәртібі мен талаптарына сай қайтарылады. 
9.8.      Интернет-дүкенді, Сайттың функционалын пайдалану арқылы Тауарға тапсырыс беру және оны сатып алу кезінде келуші мыналарды растайды:
1)          Тапсырыс беріліп отырған Тауарлардың сипаттамаларымен толық танысқанын; және 
2)          Тапсырысты орналастырғанға және сатып алуды жүзеге асырғанға дейін Сатушыдан Тауардың (-лардың) сипаттамасын сұратуға арналған функциялар мен құралдар туралы хабардар етілгенін
3)          Тауарды таңдау және оған тапсырысы беру кезінде Тауарды толығырақ зерделеу немесе Шарттың осы 8.7-тармағында көрсетілген құқықтарды пайдалану үшін Сатушының дүкендерінің біріне баруға болатынын және мұндай мүмкіндікті қарастырғанын, және өзінің Тауарды Интернет-дүкенде орналастырылған ақпаратқа сүйеніп сатып алу опциясын таңдап алғанын.

10.      ТАУАРДЫ САТЫП АЛУ ТӘРТІБІ

10.1.   Сатып алушының Интернет-дүкенде ұсынылған кез келген Тауарға Тапсырыс беруге құқығы бар. Тауарға Шарттың 8.6-тармағының ережелерін сақтай отырып, кез келген көлемде тапсырыс беруге болады. Бұл ережеге жатпайтын тұстары акцияларды өткізген, Тауар сатылымнан алып тасталған және т.с.с. жағдайларда әр Тауардың сипаттамасында көрсетілген. 
10.2.   Сатып алушы Тапсырысты сайттағы Қолдау қызметі арқылы рәсімдей алады. Бұл қызметке қолжетімділік диалогтық терезе арқылы іске асырылады немесе Тапсырыстың электрондық нысанын толтыру арқылы Сайтта өз бетінше рәсімделеді. 
10.3.   Сатып алушы Тапсырысты банктік картамен төлейді. 
10.4.   Тапсырысты өз бетінше алып кету үшін Сатушының мына мекенжайда орналасқан қоймасына бару қажет: Алматы қаласы үшін – 050009, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Құлымбетов көшесі, 24; Астана қаласы үшін – Астана қаласы – 010000. Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 29, 14 е.м.; Алматы қ., Маметова көшесі 47; Астана қ., Бөкейханов көш.,29, 14-кеңсе.
10.5.   Тапсырысты рәсімдегеннен кейін Сатушы e-mail-ға тапсырыстың қабылданғанын растайтын ақпаратты таңдап алынған тауардың бағасы мен тапсырыстың жалпы сомасын көрсете отырып жіберу арқылы Сатып алушының тапсырысын растайды.
10.6.   Тауар қоймада болмаған жағдайда Интернет-дүкен менеджері бұл туралы Сатып алушыны хабардар ету керек (телефон бойынша немесе электрондық пошта арқылы). 

11.      АҚЫСЫН ТӨЛЕУ

11.1.   Интернет-дүкендегі Тауардың бағасы Тауар бірлігінің теңгедегі бағасын білдіреді. 
11.2.   Интернет-дүкенде көрсетілген Тауардың бағасын Интернет-дүкен бір жақты тәртіппен өзгерте алады, бұл ретте Сатып алушы тапсырыс берген және төлеген Тауардың бағасы өзгертуге жатпайды.
11.3.   Бағдарламалық жасақтамадағы, серверлердегі немесе компьютерлік желілердегі техникалық ақаулықтардың себебінен Сатып алушы төлемді қате бағамен жасаған жағдайда Сатушы Сатып алушының жасаған төлемін дәл сол төлем деректемелері бойынша төлем картасы арқылы қайтарады.
11.4.   Тапсырыстың жалпы сомасы Сатып алушының бүкіл таңдап алған Тауарының құны мен Тауарды Сатып алушыға жеткізудің құнынан құралады. Тауардың құнына жеткізу бағасы кіргізілмейді. 
11.5.   Тауарды төлеу тәсілдері мен тәртібі Сайттағы «Төлем» және «Жеткізу» бөлімдерінде көрсетілген. Қажет болған жағдайда тапсырыс берілген Тауарды төлеу тәртібі мен талаптары бойынша Сатып алушы Қолдау қызметінен кеңес ала алады.
11.6.   Сатып алушы Тапсырысты Интернет-дүкенде қолжетімді кез-келген тәсілмен төлейді. 
11.7.   Сатып алушы таңдап алынған Тауар үшін ақыны Интернет-дүкенде уақтылы растамаған жағдайда Тапсырыстың күші автоматты түрде жойылады. 



12.      ТАУАРДЫ ЖЕТКІЗУ. ЖЕТКІЗУГЕ МҮМКІНДІКТІҢ БОЛМАУЫ.

12.1.   Тауарды жеткізу тәсілдері, тәртібі және мерзімі сайтта «Төлем» немесе «Жеткізу» бөлімдерінде көрсетілген. Тауарды жеткізудің қолданыстағы тәсілін таңдау Сатып алушының жеке-дара және өз бетінше таңдауы болып табылады. 
12.2.   Меншік құқығы және тауардың кездейсоқ жойылу, жоғалу немесе зақымдану тәуекелі Сатып алушыға Тараптар курьерлік жүкқұжатқа немесе бағыттық қағазға тауарды қабылдау актісіне (қорларды шетке босатуға жүкқұжатқа) қол қойған сәттен бастап Шарттың орындалатын жерінде тауарды Сатып алушыға берген сәттен бастап ауысады. 
12.3.   Жеткізу кезінде тауар Сатып алушы көрсеткен мекенжай бойынша, Сатып алушыға немесе Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатып алушы көрсеткен тұлғаға тапсырылады. 
12.4.   Сатып алушы (немесе Тапсырыста көрсетілген тұлға) Тауарды оны қабылдау кезінде саны мен ассортименті бойынша қабылдауға міндетті.
12.5.   Тауарды алған кезде Сатып алушы (немесе оның Тапсырыста көрсеткен тұлғасы) Сатып алушының өкілінің (тасымалдаушының) көзінше оның жүкқұжатқа сәйкестігін тексеруге, Тауардың атауы бойынша тауардың санына, сапасына, жиынтықталуына көз жеткізуге міндетті. Сатып алушы (немесе ол тапсырыста көрсеткен тұлға) тауарды алған кезде курьерлік жүкқұжатқа немесе бағыттық қағазға қол қоюға міндетті, ол тауардың сыртқы түріне және толықтығына шағымдары жоқ екенін өз қолымен растайды. Жеткізу аяқталды деп саналады, ал тауар сатып алушыға курьерлік жүкқұжатты немесе бағыттық қағазды Сатып алушы (немесе ол тапсырыста көрсеткен) қол қойған сәттен бастап жеткізілді.Осыдан кейін ол қол қою арқылы тауардың сыртқы көрінісі мен жиынтықталуына шағымының жоқтығын растайды. Сатып алушы қорларды шетке босатуға арналған жүкқұжатқа қол қойған сәттен бастап жеткізу жасалған, ал Тауар – Сатып алушыға жеткізілген болып саналады.
12.6.   Жеткізуді жүзеге асырудың – орындалуы Тауарды алған және ол үшін ақыны төлеген сәтте аяқталатын Сатып алушының сатып алып жатқан Тауарының ажырамас бөлігі болып табылмайтын жеке қызмет болып табылатынымен Сатып алушы түсінеді және онымен келіседі. 
12.7.   Сатып алушы Тауарды жеткізуді жүзеге асыру үшін жоқ немесе толық емес (анық емес) мекенжайды берген немесе Тауарды көрсетілген мекенжай бойынша жеткізу кезінде Сатып алушы (немесе оның Тапсырыста көрсетілген тұлғасы) болмаған жағдайда Сатушы Тауарды жеткізу мерзімдері немесе оны Сатып алушының алмағаны үшін жауапты болмайды. Бұл ретте Тауарды жеткізу бойынша тапсырыстың төленген сомасы қайтаруға жатпайды. 
12.8.   Шарттың 11.7-тармағында көрсетілген жағдайдың пайда болу себебімен Тауарды қайта жеткізу үшін Сатып алушы қосымша ақы төлейді. 
12.9.   Тауарды жеткізу Сатушыға байланысты емес себептермен мүмкін болмаған жағдайларда Сатушы Тауарды жеткізуді тоқтатуға және Шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл ретте Сатушы бас тартумен байланысты ешқандай жауапкершілік көтермейді. Мұндай жағдайда Сатушы бұл туралы Сатып алушыны электрондық поштаға хабарлама жіберу арқылы хабардар етуге, сондай-ақ Сатып алушыға Тауар үшін төленген ақша қаражаттарын Сатып алушының банк-корреспонденті белгілеген мерзімнің ішінде олар төленген тәсілмен өтеуге міндеттенеді. 
12.10.  Алматы және Астана қалаларында Тауарды жеткізу күн сайын сағат 11:00 бастап 19:00 дейін жүзеге асырылады. 
12.11.  Егер Тапсырыс таңғы сағат 11:00 дейін рәсімделген болса, оны жеткізу сол күннің ішінде сағат 19:00 дейін жасалады. Тапсырыс таңғы 11:00 кейін рәсімделген жағдайда Тауар Тапсырысты рәсімдегеннен кейінгі келесі күні 19:00 дейін жеткізіледі. 
12.12.  Қазақстан бойынша жеткізу:Қазақстан бойынша жеткізу «Avis Logistics» курьерлік жеткізу қызметі және «Қазпошта» пошта қызметі арқылы жүзеге асырылады. 
12.12.1. «Avis Logistics» курьерлік жеткізу қызметі;
12.12.2. «Қазпошта» пошта қызметі;
12.12.3. Сатушының Алматы мен Астанадағы жеткізу қызметі арқылы жүзеге асырылады.
12.13.  «Avis Logistics» курьерлік жеткізу қызметі арқылы жеткізу құны 2000 (екі мың) теңгеден басталады. 
12.14. «Қазпошта» пошталық қызметі арқылы жеткізу құны 3500 (үш мың бес жүз) теңгеден басталады. 
12.15. Қазақстанның Астана және Алматы қалаларынан басқа ірі қалаларына жеткізу 7 – 9 жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылады. 
12.16. Қазақстанның өңірлеріне Шағын қалаларға/ауылдарға жеткізу 7 (жеті) – 14 (он төрт) жұмыс күннің ішінде жүзеге асырылады.
12.17.  Жеткізудің нақты мерзімдері мен уақытын курьерлік және пошталық қызмет өз бетінше анықтайды. Тапсырыстың қозғалу бағытын Сатып алушы Тапсырысты Сатушы жөнелткеннен кейін Жеке кабинеттен алуға болатын трек-нөмір бойынша бақылай алады. 
12.18. Сатып алушы тапсырыс бағытын қолдау қызметі арқылы немесе курьерлік/пошта қызметінің сайтындағы трек нөмірі арқылы қадағалауға құқылы. Тапсырыстың бағыты мен мәртебесін Сатушы Тапсырысты жөнелткеннен кейін Жеке кабинеттен көруге болады. Тапсырысты шетелге жеткізу үшін рәсімдеу қажет болған жағдайда Сатып алушы Тапсырысты Алматы немесе Астана қалаларынан «өзіндік алып кету» мәртебесімен рәсімдеуге және Тапсырысты шетелге жеткізуді Сатып алушыға өзі қалаған қолжетімді курьерлік қызмет арқылы өз бетінше рәсімдеуге құқылы. 
12.19.  Шетелге жеткізу үшін тапсырысты ресімдеу кезінде Сатып алушы Алматы немесе Астана қаласынан "алып кету" мәртебесі бар тапсырысты ресімдеуге және сатып алушыға қолжетімді Курьерлік қызмет арқылы шетелге тапсырысты өз қалауы бойынша жеткізуді дербес ресімдеуге құқылы.Тапсырысты Астанада немесе Алматыда 25 000 (жиырма бес мың) теңгеге дейінгі сомаға рәсімдеген жағдайда қаланың белгілі бір шеңберінде жеткізу құны 1000 (бір мың) теңгені құрайды. Тапсырысты Астанада немесе Алматыда 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден астам сомаға рәсімдеген жағдайда жеткізу тегін жүзеге асырылады. 
12.20.  Тапсырысты Астанада немесе Алматыда 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден, қоса алғанда, төмен сомаға рәсімдеген жағдайда Сайттың «сұрақтар мен жауаптар» бөлімінде көрсетілген шаршыда жеткізу құны 1000 (бір мың) теңгені құрайды.
12.21.  Тапсырысты Астанада немесе Алматыда 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден, қоса алғанда, жоғары сомаға рәсімдеген жағдайда Сайттың «сұрақтар мен жауаптар» бөлімінде көрсетілген шаршыда жеткізу тегін жүзеге асырылады.
12.22.  Тапсырыс сомасы 60 000 (алпыс мың) теңгеден жоғары болған жағдайда Қазақстан бойынша жеткізу тегін жүзеге асырылады.
12.23. 12.13 – 12.19 тармақтарында көрсетілген жеткізу құны минималды болып табылады және Тапсырысты рәсімдеген күнгі нақты құнынан өзгеше болуы мүмкін.

13.      ТАУАРДЫ ҚАЙТАРУ

13.1.   Зауыттық ақау болған жағдайда Сатып алушы курьерлік жүкқұжатқа қол қойғанға дейін, көзбен қарап шыққаннан кейін Тауарды курьерге қайтару арқылы Тауардан бас тартуға құқылы. Сатып алушы курьерлік жүкқұжатқа қол қойғаннан кейін Тауар тиісінше тәртіппен жеткізілген және табысталған болып саналады, қайтару Шарттың осы бөлімінде және Қазақстан Республикасының қолданылатын заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.Сатып алушы Тауардан оны тапсырғанға дейінгі кез келген уақытта,  тауарды Сатып алушыға жеткізу бойынша қызметтердің құны ұстала отырып, ал Тауар табысталғаннан кейін – 14 (он төрт) күнтізбелік күннің ішінде, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және талаптармен бас тартуға құқылы.
13.2.   Тиісті сападағы Тауарды оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, соның ішінде тауарлық заттаңбасы (затбелгісі, биркасы), сондай-ақ аталған Тауарды сатып алу фактісі мен жағдайларын растайтын құжат сақталған жағдайда қайтаруға болады. 
13.3.   Қолданыстағы заңнамада және Шартта көзделген жағдайларда Тауар сайттағы «Айырбастау/қайтару ережелері» «Менің Тапсырыстарым» немесе «Байланыс деректері» бөлімдерінде көрсетілген мекенжайлар бойынша қайтарылады. 
13.4.   Сатып алушы тиісті сападағы Тауардан бас тартқан жағдайда Сатушы оған Сатып алушыға Тауарды/ Сатып алушыдан қайтарылған Тауарды жеткізу құнын қоспағанда, Шартқа сәйкес төленген соманы қайтарады. 
13.5.   Тауарды қайтару осы бөлімнің талаптарына, сондай-ақ «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның талаптарына сай, Сатып алушының қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. 
13.6.   Сатып алушының пікірі бойынша жеткізілген Тауар Шарттың талаптарына сай келмесе және жеткізген кезде сапасы бойынша кемшіліктері бар болса, Сатып алушы Қолдау қызметінің көмегімен дереу Сатушымен байланысу керек және Сатушыға Тауар және оның кемшіліктері туралы ақпаратты жеткізуге тиіс.
13.7.   Тауарды алғаннан кейін Сатушы Тауарды мұқият тексеруге және Тауардың тиісті бірлігін алғаннан кейінгі 10 (он) күнтізбелік күннің ішінде Сатып алушыға ақша қаражаттарының қайтарымын алуға құқығы бар-жоғы туралы хабарлауға міндеттенеді. Сатушы Сатып алушының Тауар үшін төлеген сомасын қайтаруға немесе Тауарды барынша аз уақыттың ішінде, бірақ қалай болғанда да Сатушының Тауардың өтемін алуға немесе ауыстырылуына Сатып алушы құқығының растамасын Сатып алушының электрондық поштасына жіберген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде ауыстыруға міндетті.
13.8.   Тауарлардың ақаулылығы немесе зақымдалған Тауарлардың зақымдалғаны расталған жағдайда Сатып алушы толық өтемін, оған қоса Тауарды жеткізуге шығындардың өтемақысын алуға құқылы. 
13.9.   Тауар үшін қолма қолсыз есеп айырысу бойынша төленген сомалар Банк белгілеген тәртіппен және талаптармен қайтарылады. Жалпы ереже бойынша, мұндай мерзім әдетте 30 (Отыз) күнтізбелік күннен аспайды. 
13.10. Сатып алушы «Менің тапсырыстарым» бөлімінде Тауарды қайтаруға өтінім беруге құқылы. Тауарды қайтару келесі мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады:Сатып алушы Тауарды қайтаруға өтінімді (өтінішті) Сатушының Курьері арқылы Алматы қаласы бойынша «Менің тапсырыстарым» бөлімінде беруге құқылы
13.10.1. Астана қаласында – Есіл ауданы, Әлихан Бөкейханов көшесі, 29, 14 е.м.;
13.10.2. Алматы қаласында – Алмалы ауданы, Маметова көшесі 47;
13.10.3. Қазақстан Республикасының басқа қалалары – Сатып алушы таңдап алған курьерлік қызметтің көмегімен Тауарды қайтара алады.
13.11. Тауарды Сатушының Курьері арқылы қайтару құнын Сатушы қаражаттарды Сатып алушыға қайтарған кезде Тауардың құнынан ұстап қалады және ол 1000 (бір мың) теңгені құрайды. 
13.12. Қайтару үшін негіз Сатып алушының «Менің Тапсырыстарым» бөлімінде жіберген Тауарды қайтаруға өтінім (өтініш) болып табылады. 
13.13. Алматы және Астана қалаларының аумағынан тыс жерде Тауарды қайтару Сатып алушының өзі таңдаған жеткізу қызметтері арқылы жөнелту жолымен жүзеге асырылады: Тауарды Алматы қаласының аумағынан тыс жерде, соның ішінде Қазпоштаның көмегімен қайтару Сатып алушының Тауарды жеткізу қызметтері (соның ішінде Қазпоштаның көмегімен) арқылы келесі деректерді көрсете отырып жіберу жолымен жүзеге асады:

  •  Алушы-компания:  Qazaq Republic ЖШС
  •  Алушының тегі: Кинбаев Нурлан Нурбергенович
  •  Телефон: +7 (747) 248 38 01
  •  Мекенжайы: Алматы қаласы, Маметова көшесі 47. 

13.14. _Тауарды Сатушының: Алматы қаласы, Маметова көшесі 47 мекенжайы бойынша орналасқан қоймасынан өзі алып кеткен жағдайда Тауар дәл сол мекенжай бойынша қайтарылады. 
13.15. Қайтару тәсілін Сатып алушы таңдайды, Сатып алушы Тауарды Сатушының мекенжайына дейін қайтару үшін жауапкершілік көтереді. 
13.16. Сатып алушы Тауарда зауыттық ақаулықты байқаған жағдайда Сатып алушы Тауарды осы бөлімде қарастырылған талаптармен қайтаруға міндеттенеді, ал Сатушы Тауарды қабылдауға және оны сараптамадан өткізуге, оның нәтижелері бойынша Сатып алушыға жауапты 5 (бес) жұмыс күннің ішінде беруге міндеттенеді. 

14.      ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

14.1.   Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік алады. 
14.2.   Сатушы Сатып алушының Интернет-дүкенде тапсырыс берілген тауарларын тиісінше пайдаланбауының салдарынан Сатып алушыға келтірілген зиян үшін жауапкершілік көтермейді. 
14.3.   Тараптар еңсерілмейтін күш жағдайлары әсер ететін уақыттың ішінде Шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
14.4.   Сатушы Интернет-дүкеннің сайтына сілтемелері бар сайттардың мазмұны және жұмысы үшін жауап бермейді.
14.5.   Сатушы мыналар үшін жауапкершілік көтермейді: 

  • операцияны жасау барысында еңсерілмейтін күш жағдайларының, сондай-ақ телекоммуникациялық, компьютерлік, электрлік және басқа жанама жүйелеріндегі кез келген ақаулықтар  салдарынан туындайтын іркілістер немесе кідірістер;
  • аударымдар жүйелерінің, банктердің, төлем жүйелерінің әрекеті және олардың жұмысымен байланысты кідірістер;
  • Келушінің Сайтты пайдалану үшін қажетті техникалық құралдары болмаған жағдайда Сайттың тиісінше жұмыс істеуі, сондай-ақ Келушілерді осындай құралдармен қамтамасыз ету бойынша ешқандай жауапкершілік көтермейді.

14.6.   Интернет-сайттарды пайдаланушыларды сәйкестендіру техникалық себептер бойынша қиындағандықтан, Сатушы тіркелген Келушілердің шын мәнінде өздерін көрсетіп тұрған адамдар болып табылатыны үшін жауап бермейді және осы себеппен басқа тұлғаларға келтірілуі мүмкін залал үшін жауапкершілік көтермейді.
14.7.   Сайт пайдаланатын бағдарламалық жасақтаманың, сервердің және компьютерлік желілердің қателері мен компьютерлік вирустарының жоқтығына Сатушы кепілдік бермейді. Егер Интернет-дүкеннің сайтын пайдалану Келушінің құрал-жабдықтарының бүлінуіне алып келсе, Әкімшілік бұл үшін жауапкершілік көтермейді. 
14.8.   Даулы жағдайларды шешу үшін шағымдар немесе өтініштер электрондық пошта арқылы немесе Қолдау қызметімен диалогтық терезенің көмегімен қабылданады.  

15.      ЕҢСЕРІЛМЕЙТІН КҮШ ЖАҒДАЙЛАРЫ

15.1.   Осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамауы осы Шартты жасағаннан кейін туындаған еңсерілмейтін күш жағдайларының (форс-мажордың) салдарынан немесе әсер етуінен орын алған жағдайда Сатушы оларды орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. 
15.2.   Еңсерілмейтін күш жағдайы немесе мән-жайы деп Шарттың талаптарын орындауды болдырмайтын немесе объективті түрде оларды орындауға кедергі жасайтын, және тараптар алдын ала болжай алмаған немесе орынды шаралармен алдын ала алмаған жағдайларды түсінеді. Тараптар мұндай жағдайларға нақты мыналарды жатқызады: айрықша ауа райы жағдайларынан және дүлей апаттардан туындаған жағдайлар, байланыс тораптарының жұмысындағы іркілістер, электрмен қамтудың тоқтап қалуы немесе ажырауы, Интернет желісінің және басқа да коммуникациялық желілердің жұмысындағы және оған қол жеткізудегі, Сайттың жұмысындағы іркілістер, серверлер мен бағдарламалық жасақтаманың жұмысындағы іркілістер мен кідірістер, хакерлік шабуылдар, бағдарламалық жасақтаманы жаңартумен, Сайттағы жоспарлы және жоспардан тыс техникалық және профилактикалық жұмыстармен байланысты жағдайлар, кез келген мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе бұйрықтары, кез келген қолданыстағы заңнаманың айтарлықтай жағымсыз өзгерістері, валюталық шектеулер, локалдық немесе жалпымемлекеттік масштабтағы төтенше жағдайлар, Шарттың тарапы болып табылмайтын үшінші тұлғалардың күтпеген, және/немесе Шарт тарапының еркі мен тілегіне қарамастан орын алатын әрекеттері немесе әрекетсіздігі, соғыс қаупі, қарулы қақтығыс немесе осындай қақтығыстың айтарлықтай қаупі, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, дұшпандық шабуылдар, блокадалар, әскери эмбарго, шетелдік жаудың әрекеттері, жалпы соғысқа жұмылдыру, соғыс іс-қимылдары, жарияланған және жарияланбаған соғыс, қоғамдық дұшпанның әрекеттері, бүліктер, терроризм, қаскүнемдік, қарақшылық актілері, тәртіпсіздіктер, басып кіру, қоршап алу, революция, көтеріліс, қарсылық, жаппай тәртіпсіздіктер, коменданттық сағатты енгізу, экспроприация, кәсіпорындарды мәжбүрлеп алып қою, басып алу, реквизиция, қоғамдық демонстрация, блокада, көтеріліс, апат, үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері, эпидемиялар, өрт, жарылыс, көлік жұмысындағы ұзақ үзілістер, эмбарго, экспортты/импортты шектеу (тыйым салу), мемлекеттік билік және жергілікті өзін өзі басқару органдарының тиісті шешімдерімен және актілерімен регламенттелген жағдайлар, сондай-ақ айрықша ауа райы жағдайлары мен күтілмеген мән-жайлардан туындаған салдарды жоюмен байланысты жағдайлар, сондай-ақ тараптардың орынды бақылауынан тыс тұрған басқа да жағдайлар. 
15.3.   Форс-мажорлық жағдайлар туындайтын болса, Сатушы бұл туралы олар басталған күннен бастап 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Сайтта тиісті ескертуді орналастыру немесе аталған жағдайлардың барысының сипаты туралы электрондық хабарлама жіберу арқылы (немесе Сатушының таңдауы бойынша басқа тиісті жолмен) аталған жағдайлардың өту сипаты және олардың ықтимал әсер ету ұзақтығы туралы хабарлайды.  
15.4.   Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі осындай еңсерілмейтін күш жағдайлары әсер ететін уақытпен бірдей уақытқа кейінге шегеріледі. Егер еңсерілмейтін күш жағдайлары 14 (он төрт) күнтізбелік күннен артық уақыт бойы жалғасатын болса, Тараптар міндеттемелердің орындалмау мәселесін келіссөз арқылы шеше алады, ал келісімге жету мүмкін болмаған жағдайда Шартты бұзуды талап ете алады.

16.      ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ (ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ)

16.1.    Дербес деректерді қорғау талаптары осы Шарттың ажырамас талаптары болып табылады және келесі сілтеме бойынша берілген және қолжетімді болып табылады: https://qazaqrepublic.com/offer.

17.      ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК

17.1.   Барлық құқықтар қорғалған. «QAZAQ REPUBLIC» тіркелген тауар белгісі болып табылады және авторлық құқықпен қорғалады. Сатушы, оның серіктестері мен провайдерлері Сайтта жарияланған зияткерлік меншік құқығы объектілерінің (барлық ақпарат пен материалдар) лицензиаттары болып табылады. Сайтта үшінші тұлғалар ұсынған материалдар орналастырылуы мүмкін. Сайтта аталатын логотиптер, компаниялардың атаулары, ұсыныстары және т.б. олардың тиісті иелерінің тауар белгілері/қызмет көрсету белгілері болып табылуы немесе авторлық құқықтармен қорғалуы мүмкін. Сайтта жарияланған барлық ақпарат пен материалдар зияткерлік меншік құқығының объектілерін қорғау туралы локалдық немесе халықаралық құқыққа сәйкес қорғалған. 
17.2.   Келушінің осы Сайттың  ішіндегісін толықтай немесе ішінара пайдалануға, жаңғыртуға, өзгертуге, бейімдеуге, аударуға, құрастыруға, қайта құрастыруға, туынды өнімдерді жасап шығаруға, бастапқы кодты ашуға әрекет жасауға, көшіруге, деректерді талдауға, Сайтқа сілтемелерді құруға, немесе басқа кез келген жолмен пайдалануға, соның ішінде осы Сайттың көмегімен Сатушының жазбаша келісімінсіз қол жеткізуге болатын кез келген зияткерлік меншік құқығы объектілерін пайдалануға құқығы жоқ. 
17.3.   Зияткерлік меншік құқығы объектілерін кез келген заңсыз пайдалану және жоғарыда келтірілген талаптарды бұзу Келуші мен Сатушының арасында жасалған Шарттың талаптарын өрескел бұзу болып саналады және бұзылған құқықтарды қорғау туралы талап арыз беру үшін негіз бола алады.
17.4.   Егер Келушіге Сатушының авторлық құқықтарының бұзылғаны туралы белгілі болып қалса, Қолдау қызметінің электрондық поштасына хабарлама жіберуді сұраймыз. 
17.5.    Егер Келуші Сайтта жарияланған материалдардың біреудің авторлық құқықтарын бұзып жатқанына сенімді болса, Келуші хатты Сатушының электрондық мекенжайына жібере алады. Ол хатта мыналар қамтылуға тиіс: сіздің авторлық құқықтарыңызды бұзуы мүмкін материалдың сипаттамасы; сізде даулы материал бойынша авторлық құқықтық болуының дәлелі, сіздің байланыс деректеріңіз және қолтаңбаңыз. Сатушы бұзылған авторлық құқықтарды қорғауға қатысты хатты немесе қарсы хабарламаны жіберер алдында білікті маманнан кеңес алуды ұсынады. Егер бұзылған авторлық құқықтарды қорғауға қатысты хат негізсіз болса, Келуші Сатушыда немесе мұндай құқықтардың басқа иеленушілерінде осындай хатты қарауға және авторлық құқықтардың бұзылу фактісін анықтауға қатысты туындауы мүмкін барлық шығындарды өтеуге міндеттенеді.


18.      ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ

18.1.    Шарт және одан туындайтын немесе онымен байланысты, соның ішінде Шарттың жарамдылығымен, жасалуымен, орындалуымен, өзгертілуімен және тоқтатылуымен, оның талаптарының түсіндірілуімен, Шарттың жарамсыздығының немесе тоқтатылуының салдарының анықталуымен байланысты барлық құқықтық қатынастар Шарттың өзімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелінеді. Шартта даулы қатынастарды реттейтін ережелер болмаған жағдайда Сатушы осы сияқты қатынастарды реттейтін ережелерді, соның ішінде Шарттың өзінде бар ережелерді (балама) қолдану құқығын өзіне қалдырады. Осы Шартта қарастырылмаған, бірақ осы Шарттан туындайтын немесе туындауы мүмкін және/немесе оны орындаумен байланысты қатынастарға ұқсас Тараптардың қатынастары Қазақстан Республикасының материалдық және процессуалдық құқығына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. 
18.2.    Осы Шартқа байланысты туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөз жүргізу арқылы шешіледі. Дауларды сотқа дейін қарау Тараптар үшін міндетті болып табылады. Тараптар кез келген дауды және/немесе келіспеушілікті келіссөз арқылы шеше алмаған жағдайда өз құқықтары бұзылған деп санайтын тарап екінші тарапқа қарау мерзімі кінәрат-талапты алған сәттен бастап 10 (Он) күнтізбелік күнді құрайтын сотқа дейінгі кінәрат-талапты жіберуге міндетті. Кінәрат-талапқа жауапты 10 (Он) күнтізбелік күннің ішінде алмаған жағдайда, сондай-ақ жауап алынған, бірақ өз құқықтарын бұзылған деп санайтын Тарапты қанағаттандырмаған жағдайда, мұндай Тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ведомстоволық бағыныштылық және соттылық ережелеріне сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Кез келген Тарап сотқа осы Шартта белгіленген дауды сотқа дейінгі міндетті қарау тәртібін сақтамай арызбен жүгінген жағдайда мұндай арыз қараусыз қалдырылу керек. 

19.      БАСҚА ТАЛАПТАР

19.1.    Сатушы мен Сатып алушының арасындағы қатынастарға ҚР заңнамасы қолданылады. 
19.2.    Шарт Келуші осы офертаны акцепттеген күннен бастап күшіне енеді және Тараптар міндеттемелерін толық орындағанға дейін қолданылады. 
19.3.    Сатушы сайтта тауар ұсынысын кеңейту және қысқарту, кез келген тауарларды сатып алуға қолжетімділікті реттей, сондай-ақ кез келген Тауарларды сатуды өз қалауы бойынша тоқтата тұру немесе тоқтату құқығын өзіне қалдырады.

Жария Офертаның нұсқасы 2023 жылғы 16 қараша жағдай бойынша жаңартылған

Себет
Себет бос
{{item.price}}₸
Өлшемі: {{item.size}}
Cаны: {{item.quantity}}
Тапсырыс беруге қолжетімсіз
{{item.price}}₸
Өлшемі: {{item.size}}
Тапсырыс беру - {{total}}₸
Жеткізу

Біз Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткіземіз.

Жеткізу түрлері

  • Қазпошта бөлімшелеріне (шағын қалалар мен ауылдар үшін)
  • Ірі қалаларға курьер арқылы есікке дейін жеткізу

Тапсырыстар келесі күні жіберіледі.

Жеткізу мерзімдері

  • Алматы: 2 жұмыс күніне дейін
  • Басқа қалалар: 3-10 жұмыс күніне дейін

Тапсырыс рәсімделгеннен кейін, сіздің электрондық поштаңызға трек-нөмір жіберіледі. Осы нөмір арқылы курьерлік қызметтің сайтынан сәлемдемеңізді бақылауға болады.

Өзіндік алып кету

  • Алматыдағы өз бетіңізше алу ретінде рәсімделген тапсырыстар, Маметова 47 мекенжайынан сатып алғаннан кейін 4 сағаттан соң қолжетімді болады. Тапсырысыңыздың дайын болу уақыты туралы хабарлама электронды поштаңызға жіберіледі. 
  • Астанадағы өзіндік алып кету бойынша рәсімделген тапсырыстарды, 2 сағаттан кейін алып кетуге болады

жеткізу туралы толығырақ

Look