FAQ
Жеткізу
Алматы және Астана бойынша жеткізу

Алматы және Астана қалалары бойынша жеткізу қызметі күн сайын сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Біздің курьермен жеткізілетін тапсырыстар төлем жасалғаннан кейін 2 күнде жеткізіледі. Егер Сіз көрсеткен мекенжай курьерлік қызмет көрсету аймағында болмаса, онда Сізге өзіндік алып кету ұсынылады.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Алматы және Астана бойынша өзіндік алып кету

Алматыдағы өз бетіңізше алу ретінде рәсімделген тапсырыстар, Маметова 47 мекенжайынан сатып алғаннан кейін 4 сағаттан соң қолжетімді болады. Тапсырысыңыздың дайын болу уақыты туралы хабарлама электронды поштаңызға жіберіледі.

Астанадағы өзіндік алып кету бойынша рәсімделген тапсырыстарды, 2 сағаттан кейін алып кетуге болады

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Қазақстанның басқа қалаларына жеткізу

Ірі қалаларға тапсырыстар Avis курьерлік қызметі арқылы 7-9 жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Шағын қалалар мен ауылдарға «Қазпошта» арқылы тауар жөнелтіледі. Жеткізу мерзімі: 7-14 жұмыс күні. Нақты жеткізу мерзімін курьерлік және пошта қызметтері анықтайды. Трек нөмірі арқылы тапсырысыңыздың бағытын қадағалай аласыз. Трек нөмерді жеке профиліңізден көре аласыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Шет елдерге жеткізу

Шетелдерге жеткізу қызметі әлі іске қосылмады. Дегенмен, Сіз Алматыдан немесе Астанадан өзіндік алып кетуге тапсырыс бере аласыз. Кейін, кез келген халықаралық курьерлік қызметі арқылы тапсырысыңызды шетелге жіберсеңіз болады.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Жеткізу құны

Алматы және Астана қалаларына жеткізу
25000 теңгеден жоғары тапсырыстар үшін қаланың белгілі бір алаңына дейін тегін жеткізу қарастырылған. 25000 теңгеден төмен тапсырыстар үшін жеткізу ақысы төленеді. Қаланың белгілі бір алаңына дейін жеткізу құны 1000 теңгені құрайды.

Қазақстанның басқа қалаларына жеткізу
Ірі қалаларға тапсырыстар Avis курьерлік қызметі арқылы 7-9 жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Жеткізу құны: 2000 теңгеден бастап.
Шағын қалалар мен ауылдарға «Қазпошта» арқылы тауарлар жөнелтіледі. Жеткізу мерзімі: 7-14 жұмыс күні. Жеткізу құны: 3500 теңгеден бастап.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Жеткізу күні мен уақытын өзгерту

Жеткізу уақыты мен мерзімін курьерлік және пошта қызметтері белгілейді. Күні мен уақытын нақтылау үшін курьерге немесе пошта қызметіне хабарласыңыз.
Avis курьерлік қызметінің байланыстары: +7 (7273) 31-03-33 (ішкі 1190)

«Қазпошта» пошта қызметінің байланыстары: 1499
Трек нөмірі арқылы тапсырысыңыздың бағытын қадағалай аласыз. Ол сіздің профиліңізде қолжетімді болады.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Тапсырыс күйі

Тапсырысыңызды профиліңіздегі Менің тапсырыстарым бөлімінен бақылай аласыз.

Тапсырыс келесі кезеңдерден өтеді:
1. Төлем жасалғаннан кейін тапсырысты рәсімдеу.
2. Тапсырысты қоймада дайындау.
3. Тапсырысты курьерлік қызметке табыстау.
4. Курьерлік қызметпен тапсырысты жеткізу.
5. Тапсырысты сатып алушыға сәтті табыстау.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Сторлар
Тауардың қол жетімділігі

Веб-сайт пен дүкендердің ассортименті сәл өзгеше болуы мүмкін. Дүкендерде Сізді қызықтыратын өнімдердің бар-жоғын тек стордың өзінде ғана тексеруге болады. Біздің веб-сайтта жарияланған өнімдер тек онлайн тапсырыстар үшін қолжетімді.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Жұмыс уақыты

Астана қаласындағы сторлар

Астана қаласы, Ұлы Дала даңғылы 41/3, «Панорама Парк - 4» тұрғын үй кешені, 10:00-20:00

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 62, «Mega Silk Way» сауда орталығы – 2 қабат, 10:00-22:00

Астана қаласы, Тұран даңғылы, 37, «Хан-Шатыр» сауда орталығы, 2 қабат, 10:00-22:00

Алматы қаласындағы сторлар

Алматы қаласы, Маметова 47 көшесі (Желтоқсан көшесінің қиылысы), 10:00-22:00

Алматы қаласы, «Mega Center Alma-Ata» сауда орталығы, Розыбакиева 247а көшесі, 2 қабат, 10:00-22:00

Қазақстанның басқа қалаларындағы сторлар

Ақтау қаласы, 16 шағын аудан, 94 корпус, «Томирис Тауэрс» тұрғын үй кешені, 10:00-22:00

Шымкент қаласы, Тәуке хан 43А (KENBABA Family Park), 10:00-22:00

Ақтөбе қаласы, «KeruenCity» сауда орталығы, Маметова 4 көшесі, 1 қабат, 10:00-22:00

Атырау қаласы, «Baizaar» сауда орталығы, Құлманова 111а көшесі, 10:00-22:00

Павлодар қаласы, «Батыр Молл» сауда орталығы, Камзин 67/1 көшесі, 2 қабат, 10:00-22:00

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Дүкендердегі жағдайларға қатысты

Қызмет көрсету сапасы мен тауарлар ассортименті туралы сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. Кез келген ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңізді құптаймыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Қайтару
Қайтару шарттары
Онлайн тапсырыстарды қайтару

Сізге курьермен жеткізу орындалғаннан кейін 14 күн ішінде сізде түбіртек, бирка және киім зақымдалмаған жағдайда тауарды қайтара аласыз. Өніммен бірге берілген қайтару өтінішін толтыру керек. Бұл құжатты бізге курьер арқылы жіберіңіз. Толық нұсқауларды мына сілтемеден табуға болады.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Оффлайн тапсырыстарды қайтару

Сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде сізде түбіртек, бирка және киім зақымдалмаған жағдайда, сіз тауарды тек біздің киімімізді сатып алған ресми дүкенде қайтара аласыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Қаражаттарды қайтару
Онлайн тапсырыс қаражатын қайтару

Түбіртек, бирка және тауар зақымдалмаған жағдайда тауардың қайтарылуы 3-7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қайтаруыңыз өңделгеннен кейін поштаңызға растайтын электрондық хат жіберіледі. Қайтару тауарды сатып алған кезіндегі пайдаланған төлем әдісі арқылы жүзеге асырылады. Қайтаруыңызды 10 күн немесе одан да көп уақыт ішінде алмасаңыз, процесті жылдамдату үшін банкіңізге хабарласыңыз. Қайтару және айырбастау саясаты немесе бас тарту құқығы туралы толығырақ ақпаратты Қоғамдық ұсыныс бетінде табуға болады.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Дүкеннен алынған тапсырыс қаражатын қайтару

Түбіртек, этикеткалары бүтін және тауар зақымдалмаған жағдайда тауардың қайтарылуы 3-7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Тауарды қолма-қол ақшамен төлесеңіз, қайтару сол күні жүзеге асырылады. Егер сатып алу қолма қол ақшамен болса, қайтару сол күні жүзеге асырылады. Егер фискалдық түбіртек жоқ болса немесе жоғалса (Kaspi немесе басқа банктің карталары арқылы төлем жасағанда) дүкенге барып, қалпына келтіруге өтініш жазу керек. Өтінімдерді өңдеу 3-4 жұмыс күн алады. Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде фискалдық түбіртексіз айырбастау немесе қайтару мүмкін емес.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Сатып алу
Тапсырысқа қатысты мәселелер
Тапсырыстың түгел келмеуі

Тапсырысыңызда бір немесе бірнеше тауар жоқ болса, бізбен хабарласыңыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Тапсырыстың қате келуі

Егер тапсырыс берген өлшемге / сипатқа сәйкес келмейтін тауар алсаңыз, бізбен хабарласыңыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Ақаулы өнім жіберілсе

Егер сапаға сай келмейтін тауарды алсаңыз, бізбен хабарласыңыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Тапсырысты өзгерту немесе жою
Тапсырысты өзгерту немесе жою

Тапсырыстан «Менің тапсырыстарым» бөліміне өтіп, бас тартуға болады. Тапсырыс күйі «Тапсырыс жиналуда» - деп өзгерсе, тапсырыстан бас тарту мүмкін емес. Тапсырысты жойғаннан кейін қайтару банк картаңызға 3-7 жұмыс күн аралығында түседі.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Онлайн сатып алу
Тауарды себетке қосу

Қажетті өнімдер мен өлшемдерді таңдағаннан кейін, «Себетке қосу» өрісін басыңыз. Оң жақта себетке салынған тауарларды көрсететін терезе ашылады. Сол терезеде тауарлардың санын өзгертуге болады.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Төлем жасау

Онлайн тапсырыстар Visa және Master Card төлем карталары арқылы қабылданады. Веб-сайтқа тапсырыс берген кезде картаңыздың мәліметтерін енгізіп, барлық қажетті өрістерді толтыруыңыз керек. Назар аударыңыз! Тапсырысты алған кезде қолма-қол ақшамен немесе Kaspi арқылы төлеу мүмкін емес.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Тапсырысты рәсімдеуге керек мәліметтер

Тапсырысты алу үшін келесі ақпаратты көрсету керек:

1. Тегі, аты, әкесінің аты;
2. Телефон нөмірі;
3. Электрондық пошта;
4. Нақты мекенжай (қала, шағын аудан, көше, үй/пәтер нөмірі).

Жеткізу кешігуін болдырмау үшін жазылған мәліметтерді қайта тексеріп шығуды сұраймыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Жасалған тапсырыстарды қарау

Сіздің барлық тапсырыстарыңыз профиліңізде көрсетіледі. Ол үшін сізге аккаунт ашу қажет. Негізгі бетке өтіңіз немесе тіркелу үшін осы жерді басыңыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Менің аккаунтым
Аккаунтты басқару
Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді өзгерту үшін "Құпия сөзді" өзгерту бөліміне өтіңіз. Егер құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, жүйеге кіру кезінде «Құпия сөзді ұмыттым» батырмасын басыңыз. Электронды поштаңызға құпия сөзді қалпына келтіру туралы хат жіберіледі.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Мәліметтерді өзгерту

Профиль арқылы жеке ақпаратыңызды, мекенжайыңызды және төлем мәліметтерін өзгерте аласыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Тіркелу және кіру
Сайтта тіркелу

Негізгі беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгішені басып, сайтқа тіркелесіз. Профиль арқылы сіз тапсырыстарыңыздың күйін бақылай аласыз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Тіркелу үшін қажет ақпарат

«Тіркеу» бөлімінде барлық қажетті жеке деректерді енгізе аласыз. Егер тіркелген болсаңыз, электрондық пошта мен құпия сөзді енгізгеннен кейін жүйеге кіруге болады. Профиль бөлімінде жүйеден шығуға немесе қайта кіруге болады.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Таңдаулылар
Таңдаулылар тізімімен қолдану

Таңдаулылар опциясын пайдаланып, өзіңізге ұнайтын өнімдерді сақтауға болады. Тауарды таңдаулы ретінде белгілеу оны брондауды білдірмейді.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Бос жұмыс орындары
Ашық вакансиялар

Қызығушылығыңызға рақмет! Барлық ашық вакансиялар Head Hunter https://hh.kz/employer/4742030 ресми парақшасында жарияланған.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Өнімдер туралы сұрақтар
Сыйлық карталары
Сатып алу шарттары

Сыйлық картасы сатып алынған күннен бастап 1 жыл бойы жарамды. Тауарды сыйлық картамен сатып алу кезінде картаның номиналы жеткіліксіз болса, жетпейтін соманы төлеуге болады. Егер тауардың бағасы картаның номиналды құнынан төмен болса, картадағы қалған сома жойылады.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Номиналдары

Сыйлық картасының номиналдары: 5 000, 10 000, 15 000, 20 000, 30 000 және 50 000 теңге.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Қолжетімділігі

Карталарды біздің дүкендерде сатып алуға болады. Сыйлық картасымен тауарды дүкендерде сатып алу үшін, картаны сатушыға көрсету қажет.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Қолдану шарттары

Біздің сыйлық картамыз ресми Qazaq Republic дүкендерімізде жарамды. Сайт арқылы тапсырысты сыйлық картасымен төлеу мүмкін емес.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Өнім сапасы / күтім
Тауар күтімі бойынша кеңестер

Футболкалар мен кеңжейделерді жуу
Кір жуғыш машинада 30 градус салқын суда жууға кеңес береміз. Салқын суда жуу мата мен принтті мұқият сақталуын қамтамасыз етеді. Боялған заттармен бірге жууды ұсынбаймыз. Сондай-ақ, киімдеріңіз оңып кетпес үшін күнге кептірмеуіңізді сұраймыз.

Сөмкелер
Сөмкедегі майда дақтарды дымқыл майлықпен кетіре аласыз. Сөмкелерді судың температурасы 30 градустан төмен, қосымша химиялық заттарды қолданбай қолмен жууға кеңес береміз.
Сөмкені жуу барысында ішін сыртқа айналдыруға ұсынамыз.

Дорба
Дорбаны кір жуғыш машинада немесе қолмен жууға тыйым салынады.
Салқын сумен сабын ерітіндісін дайындап, дорбаның бетін шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.

Бомбер мен бүржейде
Ағартқышсыз био-ұнтақтарды қолдануға кеңес береміз.
Қара түсті бүржейде мен бомберді жуу үшін қара киімдерге арналған жуғыш заттарды қолдануға кеңес береміз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Серіктестік
Корпоративті тапсырыстар

Компания немесе ұйымыңызға корпоративті киімге (мерчке) тапсырыс беру үшін немесе корпоративті сыйлықтар дайындау үшін өтінімді осында қалдырыңыз. Біз міндетті түрде жауап береміз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Коллаборация

Брендтер/компаниялар арасындағы (коллаборация) ынтымақтастық туралы ұсынысты біздің маркетинг тобы қарастырады. Өтінімді толтыруыңызды сұраймыз. Біз міндетті түрде жауап береміз.

Егер сұрақтар қалса, бізге жазыңыз

Себет
Себет бос
{{item.price}}₸
Өлшемі: {{item.size}}
Cаны: {{item.quantity}}
Тапсырыс беруге қолжетімсіз
{{item.price}}₸
Өлшемі: {{item.size}}
Тапсырыс беру - {{total}}₸
Жеткізу

Біз Қазақстанның барлық өңірлеріне жеткіземіз.

Жеткізу түрлері

  • Қазпошта бөлімшелеріне (шағын қалалар мен ауылдар үшін)
  • Ірі қалаларға курьер арқылы есікке дейін жеткізу

Тапсырыстар келесі күні жіберіледі.

Жеткізу мерзімдері

  • Алматы: 2 жұмыс күніне дейін
  • Басқа қалалар: 3-10 жұмыс күніне дейін

Тапсырыс рәсімделгеннен кейін, сіздің электрондық поштаңызға трек-нөмір жіберіледі. Осы нөмір арқылы курьерлік қызметтің сайтынан сәлемдемеңізді бақылауға болады.

Өзіндік алып кету

  • Алматыдағы өз бетіңізше алу ретінде рәсімделген тапсырыстар, Маметова 47 мекенжайынан сатып алғаннан кейін 4 сағаттан соң қолжетімді болады. Тапсырысыңыздың дайын болу уақыты туралы хабарлама электронды поштаңызға жіберіледі. 
  • Астанадағы өзіндік алып кету бойынша рәсімделген тапсырыстарды, 2 сағаттан кейін алып кетуге болады

жеткізу туралы толығырақ

Look