Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 01000, Қорғалжын тас жолы, 31-үй мекенжайы, 30-шы тұрғын емес орынжай бойынша орналасқан, БСН 190940017589, заңды тұлға «Qazaq Republic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сіздің құпия деректеріңізге құрметпен қарайды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтайды.
https://qazaqrepublic.com/privacy сайтының дербес ақпаратының құпиялылық саясаты Компанияның Сізден Интернет-дүкенді пайдалануыңыздың және Сайт функционалының көмегімен Тауарға Тапсырысты құру барысында алатын барлық деректеріңізге қолданылады.
Саясат барлық мемлекеттерде QAZAQ REPUBLIC тауар белгісімен жүзеге асырылатын барлық қызметке қатысты жарамды болып табылады. Компания өз клиенттерінің сенімін ең жоғары дәрежеді бағалайды және Компанияға берілген деректердің құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті хаттамаларды орындайды.
Сіздің Сайтты бұдан әрі пайдалануыңыз Саясатпен және оның ішінде көрсетілген дербес ақпаратты өңдеу талаптарымен сөзсіз және шүбәсіз келісіміңізді білдіреді. Осы Саясатты келтірілген талаптармен келіспеген жағдайда Сіз Сайтты әрі қарай пайдалануды тоқтатуыңыз және одан дереу шығуыңыз керек.
1. Біз Сіз туралы қандай ақпарат жинаймыз:
Біз Сіздің Сайтты пайдалану, Тауарды қарап шығу, Тауар сатып алу үшін Тапсырысты құру, Тауарды төлеу немесе Қолдау қызметінің операторымен телефон арқылы сөйлесу, Сайттың немесе электрондық поштаның көмегімен хабарламалармен алмасу барысында беретін ақпаратыңызды жинаймыз. Бұл ақпаратқа біз Сізді Келуші/Сатып алушы ретінде сәйкестендіре алатын дербес ақпарат жатады. Мұндай ақпаратқа мыналар жатқызылуы мүмкін (онымен шектелмей): аты, тегі, туған күні, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы және пошталық мекенжайы, жеке басын куәландыратын құжаттың сериясы және нөмірі, оның қолдану мерзімі, төлем картасының деректері (картаның/шоттың нөмірі), Сатып алушының Тауарды төлеуі үшін операцияның жасалу күні, Тауарды Сатып алушыға жөнелту/жіберу күні, Сатып алушы сатып алған Тауардың сипаттамасы, Тауарды Сатып алушы көрсеткен жеткізу мекенжайы, және Тауарды алушының аты, тегі, әкесінің аты, тапсырыстың нөмірі мен сомасы, сондай-ақ авторизациялау коды.
Компаниядан, Сайттан немесе Тауардан барынша жағымды әсер беру үшін біз Сізден қосымша ақпарат сұрауымыз мүмкін. Мұндай деректер міндетті болып табылмайды және сіз мұндай сұрақтарға жауап беруден бас тарта аласыз.
2. Келуші және Сатып алушы туралы ақпарат
Сайтты пайдалану, соның ішінде Тапсырысты құру және Тауарды сатып алу, әдетте, мына деректерді көрсетуді талап етеді:
- Сатып алушыны – Сайтты тікелей пайдаланатын, Тапсырысты құратын және Тауарды төлейтін тұлғаны.
- Алушыны – Тауар жеткізілген жағдайда (егер қолдануға болатын болса) оны қабылдайтын тұлғаларды.
Сіз басқа тұлғалар үшін Тапсырысты құрған және Тауарды төлеген жағдайда Сіз олардың жеке ақпаратын бізге беруіне келісімін алуыңыз керек.
3. Автоматты ақпарат
Біз Сіздің компьютеріңіз, браузеріңіз, операциялық жүйеңіз, ІР-мекенжайыңыз және басқа да айнымалылар туралы ақпаратты автоматты түрде жинаймыз. Бұл біздің сервисімізге жұмыс істеу Сіз үшін ыңғайлы болуы үшін жасалады және алаяқтық жағдайларына жол бермейді. Деректерді автоматтандырылған жолмен жинау сонымен бірге cookie-файлдар және/немесе әлеуметтік желілердің бағдарламалық кеңейтулер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Кейбір деректерді автоматтандырылған жолмен жинау және «cookie» мен «web beacon» технологияларын пайдалану Сайттың функцияларын және Сайтты анағұрлым ыңғайлы әзірлеуді жақсартады, сондай-ақ бізге жарнамалық және маркетингтік кампанияларды бағалауға, және Сіз үшін қызықты әрі пайдалы болуы мүмкін ақпаратты ұсынуға көмектеседі.
Cіздің компьютеріңізде (немесе басқа құрылғыда) Сайтқа бірінді рет кіру барысында сақталуы мүмкін және бізге Сіздің компьютеріңізді Сіз кірген кезде тануға мүмкіндік беретін сookie-файлдар және шағын мәтіндік файлдар. Біз негізінен дербес деректерді жинамайтын (і) функционалдық сookie-файлдарды және бізге пайдаланушы трафигі мен өзара әрекеттесуі туралы жиынтық деректерді қалыптастыруға көмектесетін (іі) cookie-файлдарды пайдаланамыз, бұл бізге ең тиімді функционалдық мүмкіндіктерді және дербестелген жарнаманы ұсынуға мүмкіндік береді.
4. Сіздің ақпаратыңызды біз қалай пайдаланамыз
Біз Сізден алған құпия ақпаратты Тапсырысты құру және Тауарды төлеу үдерісін аяқтау үшін пайдаланамыз.
Қосымша ақпарат бізге қажетті сервис деңгейін қамтамасыз етуге, Сізге біздің өнімдеріміз бен қызметтеріміз туралы хабарлауға және жұмысымыздың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
5. Сіздің ақпаратыңызға тағы кім қол жеткізе алады
Сіздің Сайтты пайдалану шеңберінде ұсынған ақпаратыңызға басқа компаниялар қол жеткізе алады. Атап айтқанда:
- Төлем қызметтерін жеткізушілер. Бұл Тауарды төлеу есебіне төлемдерді қабылдау және аудару бойынша қызметтерді көрсететін компаниялар;
- Қызметтерді шеттегі жеткізушілер. Бұл біздің атымыздан: Тауарды жеткізу, алаяқтықты болдырмау, бизнес-талдамалар сияқты қызметтерді ұсынатын компаниялар. Шеттегі жеткізушілер ақпаратты біздің атымыздан жинай алады. Әдетте бұл ақпарат біздің қабылдаған міндеттемелерімізді орындауымыз үшін, Сайтымыздың жұмысы немесе Сіздің мүдделеріңізді ескере отырып интернет-жарнаманы жеткізуді жеңілдету үшін қажет. Олар біз ұстанатын деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету хаттамаларын басшылыққа алады;
6. Біз сондай-ақ Сіздің ақпаратыңызды мына жағдайларда бере аламыз:
- Құқық қорғау органдарының сұрауларына жауап ретінде, сот процесіне қатысу, біздің заңды құқықтарымызды дәлелдеу немесе іске асыру, соның ішінде сот талаптарынан қорғалу үшін немесе заңда қарастырылған басқа жағдайларда. Мұндай жағдайларда біз осы Саясат бойынша кез келген заңдық қарсылықтардан бас тарту құқығын өзімізге қалдырамыз;
- Өзіміз қажет деп санаған кездерде: заңсыз әрекеттерді немесе болжалды заңсыз қызметті тергеу, алдын алу немесе оларға қатысты шараларды қабылдау; компанияның, Сайттың, біздің клиенттеріміздің немесе басқа тұлғалардың меншік құқығын немесе қауіпсіздігін қорғау және жақтау үшін;
- Активтерді ірілету, біріктіру, шоғырландыру, сату сияқты корпоративтік мәміле немесе орын алу ықтималдығы аз банкроттық барысында.
Жоғарыда аталған жағдайларды қоспағанда, Сіздің ақпаратыңыз үшінші тұлғаларға берілетін болса, Сізге хабар берілетін болады және Сізде мұндай ақпаратты беруден бас тартуға мүмкіндігіңіз болады.
Егер Сізде осы Саясатқа қатысты сұрақтарыңыз туындаса, Сайтта көрсетілген байланыс деректері бойынша Қолдау қызметімен байланысуыңызды сұраймыз.
Осы Құпиялылық саясаты қолданыста тұр және әрбір күнтізбелік жылы қайта қаралуға жатады.
Сіздің дербес деректеріңізді операторлары:
Қазіргі уақытта Қазақстанда «Qazaq Republic» брендінің өнімдерін сатуды жүзеге асырып жатқан «Qazaq Republic»ЖШС компаниясы:
Пошталық мекенжайы: Астана қаласы, 010000, Қорғалжын тас жолы, 31-үй, 30-шы тұрғын емес орынжайы.
Деректерді қорғау туралы мәселелер бойынша
Электрондық пошта мекенжайы: INFO@QAZAQREPUBLIC.COM
Телефоны: 8 708 800 14 65