Төлем ережелері және төлемдердің қауіпсіздігі, ақпараттың құпиялылығы
Банктік карта деректерін енгізу парақшасында деректерді енгізу қажет: карта нөмірі, карта иесінің аты-жөні, жарамдылық мерзімі, үш таңбалы қауіпсіздік коды (VISA үшін CVV2, MasterCard үшін CVC2).
Барлық қажетті деректер картаның өзінде басылған. Үш таңбалы қауіпсіздік коды - бұл картаның артқы жағында орналасқан үш цифр.
Содан кейін сіз 3DSecure кодын енгізу үшін өз банкіңіздің парақшасына қайта бағытталасыз. Егер қауіпсіздік коды сізге келмесе, онда картаны берген банкке хабарласыңыз.
Төлем жасаудан бас тарту жағдайлары:
- банк картасы интернет арқылы төлем жасауға арналмаған, ол туралы өз банкіңізге жүгіну арқылы білуге болады;
- банк картасында төлем жасау үшін қаражат жеткіліксіз. Банк картасындағы қаражаттың бар-жоғы туралы толығырақ ақпаратты банк картасын шығарған банкке хабарласып біле аласыз;
- банк картасының деректері қате енгізілген;
- банк картасының әрекет ету мерзімі аяқталды. Картаның жарамдылық мерзімі, әдеттегідей, картаның беткі жағында көрсетілген (карта жарамдылығын білдіретін айы мен жылы). Картаның әрекет ету мерзімі туралы толығырақ ақпаратты банк картасын шығарған банкке жүгіну арқылы біле аласыз.
Банк картасы арқылы төлеу мәселелері және сайттың жұмысына байланысты басқа да мәселелер бойынша сіз: 8 (708) 800 14 65 нөмірі арқылы хабарласа аласыз.
Ақша қаражатын қайтару
Төлем карталары арқылы онлайн-төлем жүргізу кезінде қолма-қол ақшамен қайтаруға жол берілмейді. Қайтару тәртібі халықаралық төлем жүйелерінің ережелерімен және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР № 274-IV Заңының ережелерімен реттеледі.
Орындаушы Шартта көрсетілген қызмет көрсету мерзімдерін бұзған жағдайда тұтынушы ақша қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы;
Тұтынушы орындаушыға осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты нақты жұмсалған шығыстарды төлеген жағдайда кез келген уақытта қызмет көрсету туралы шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Банк картасына ақшалай қаражатты қайтару үшін компанияның талабы бойынша электрондық мекенжайға жіберілетін "Ақшалай қаражатты қайтару туралы өтінішті" толтырып оны жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен бірге: online_support@qazaqrepublic.com мекенжайына жіберу қажет.
Ақша қаражатын қайтару компанияның "Ақша қаражатын қайтару туралы өтінішті" алған күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде банк картасына жүзеге асырылады.
Қателіктермен жүргізілген операциялар бойынша ақшалай қаражатты қайтару үшін жазбаша өтінішпен, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесімен және қате есептен шығарылғанын растайтын чектермен/түбіртектермен жүгіну қажет. Осы өтінішті мына мекенжайға жолдау қажет
Қайтару сомасы сатып алу сомасына тең болады (сатып алынған тауарлардың сомасына). Өтінішті қарау және ақшалай қаражатты қайтару мерзімі компания өтінішті алған сәттен бастап есептеле бастайды және мереке/демалыс күндерін есептемегенде жұмыс күндерінде есептеледі.