FAQ
Алматыда өзіндік алып кету арқылы 17:00-ге дейін рәсімделген тапсырысты, сол күні 18:00-ден кейін Маметова 47 мекенжайынан алуға болады. 18:00-ден кейін рәсімделген тапсырыстар келесі күні 11:00-ден бастап қолжетімді. Тапсырысыңыздың дайын болу уақыты туралы хабарлама электронды поштаңызға жіберіледі.
Астанадағы өзіндік алып кету бойынша рәсімделген тапсырыстарды, 2 сағаттан кейін Бөкейхан көшесі, 29, «Вена кварталы» ТК, В блогы, 14-офис (кіреберіс көше жағынан, есік қоңырауын басу керек) мекенжайы бойынша алып кетуге болады.
Алматы және Астана қалалары бойынша жеткізу қызметі күн сайын сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді. Біздің курьермен жеткізілетін тапсырыстар төлем жасалғаннан кейін келесі күні жеткізіледі. Курьер алдын ала байланысқа шығады. Егер Сіз көрсеткен мекенжай курьерлік қызмет көрсету аймағында болмаса, онда Сізге өзіндік алып кету ұсынылады.
Шетелдерге жеткізу қызметі әлі іске қосылмады. Дегенмен, Сіз Алматыдан немесе Астанадан өзіндік алып кетуге тапсырыс бере аласыз. Кейін, кез келген халықаралық курьерлік қызметі арқылы тапсырысыңызды шетелге жіберсеңіз болады.
Ірі қалаларға тапсырыстар Avis курьерлік қызметі арқылы 7-9 жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Шағын қалалар мен ауылдарға «Қазпошта» арқылы тауар жөнелтіледі. Жеткізу мерзімі: 7-14 жұмыс күні. Нақты жеткізу мерзімін курьерлік және пошта қызметтері анықтайды. Трек нөмірі арқылы тапсырысыңыздың бағытын қадағалай аласыз. Трек нөмерді жеке профиліңізден көре аласыз.
Алматы және Астана қалаларына жеткізу
25000 теңгеден жоғары тапсырыстар үшін қаланың белгілі бір алаңына дейін тегін жеткізу қарастырылған. 25000 теңгеден төмен тапсырыстар үшін жеткізу ақысы төленеді. Қаланың белгілі бір алаңына дейін жеткізу құны 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1500 теңгені құрайды.
Қазақстанның басқа қалаларына жеткізу
27000 теңгеден жоғары тапсырыстар үшін басқа ірі қалалар мен елді мекендерге тегін жеткізу қарастырылған. 27000 теңгеден төмен тапсырыстар үшін жеткізу ақысы төленеді.
Ірі қалаларға тапсырыстар Avis курьерлік қызметі арқылы 7-9 жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Жеткізу құны: 2500 теңгеден бастап.
Шағын қалалар мен ауылдарға «Қазпошта» арқылы тауарлар жөнелтіледі. Жеткізу мерзімі: 7-14 жұмыс күні. Жеткізу құны: 2500 теңгеден бастап.
Жеткізу уақыты мен мерзімін курьерлік және пошта қызметтері белгілейді. Күні мен уақытын нақтылау үшін курьерге немесе пошта қызметіне хабарласыңыз.
Avis курьерлік қызметінің байланыстары: +7 (7273) 31-03-33 (ішкі 1190)
«Қазпошта» пошта қызметінің байланыстары: 1499
Трек нөмірі арқылы тапсырысыңыздың бағытын қадағалай аласыз. Ол сіздің профиліңізде қолжетімді болады.
Тапсырысыңызды профиліңіздегі Менің тапсырыстарым бөлімінен бақылай аласыз.
Тапсырыс келесі кезеңдерден өтеді:
1. Төлем жасалғаннан кейін тапсырысты рәсімдеу.
2. Тапсырысты қоймада дайындау.
3. Тапсырысты курьерлік қызметке табыстау.
4. Курьерлік қызметпен тапсырысты жеткізу.
5. Тапсырысты сатып алушыға сәтті табыстау.
Веб-сайт пен дүкендердің ассортименті сәл өзгеше болуы мүмкін. Дүкендерде Сізді қызықтыратын өнімдердің бар-жоғын тек стордың өзінде ғана тексеруге болады. Біздің веб-сайтта жарияланған өнімдер тек онлайн тапсырыстар үшін қолжетімді.
Астана қаласындағы сторлар
Астана қаласы, Ұлы Дала даңғылы 41/3, «Панорама Парк - 4» тұрғын үй кешені, 10:00-20:00
Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 62, «Mega Silk Way» сауда орталығы – 2 қабат, 10:00-22:00
Астана қаласы, Тұран даңғылы, 37, «Хан-Шатыр» сауда орталығы, 2 қабат, 10:00-22:00
Алматы қаласындағы сторлар
Алматы қаласы, Маметова 47 көшесі (Желтоқсан көшесінің қиылысы), 10:00-22:00
Алматы қаласы, «Mega Center Alma-Ata» сауда орталығы, Розыбакиева 247а көшесі, 2 қабат, 10:00-22:00
Алматы қаласы, “APORT EAST” ОСК, Құлжалық тракті 106, 1 қабат, 10:00-22:00
Қазақстанның басқа қалаларындағы сторлар
Ақтау қаласы, 10 шағын ауданы, "Saya Park" сауда орталығы, 1-қабат, 10:00-22:00
Шымкент қаласы, Тәуке хан 43А (KENBABA Family Park), 10:00-22:00
Ақтөбе қаласы, "KeruenCity" сауда орталығы, Маметова 4 көшесі, 1 қабат, 10:00-22:00
Атырау қаласы, "Baizaar" ОСК, Құлманов 111а көшесі, 10:00-22:00
Павлодар қаласы, "Батыр Молл" сауда орталығы, Камзин 67/1 көшесі, 2 қабат, 10:00-22:00
Қарағанды қаласы, "City Mall" ОСК, 1 қабат, 10:00-22:00
Қызмет көрсету сапасы мен тауарлар ассортименті туралы сұрақтарыңыз болса, қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. Кез келген ұсыныстарыңыз бен өтініштеріңізді құптаймыз.
Сізге курьермен жеткізу орындалғаннан кейін 14 күн ішінде сізде түбіртек, бирка және киім зақымдалмаған жағдайда тауарды қайтара аласыз. Өніммен бірге берілген қайтару өтінішін толтыру керек. Бұл құжатты бізге курьер арқылы жіберіңіз. Толық нұсқауларды мына сілтемеден табуға болады.
Сатып алған күннен бастап 14 күн ішінде сізде түбіртек, бирка және киім зақымдалмаған жағдайда, сіз тауарды тек біздің киімімізді сатып алған ресми дүкенде қайтара аласыз.
Түбіртек, бирка және тауар зақымдалмаған жағдайда тауардың қайтарылуы 3-7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Қайтаруыңыз өңделгеннен кейін поштаңызға растайтын электрондық хат жіберіледі. Қайтару тауарды сатып алған кезіндегі пайдаланған төлем әдісі арқылы жүзеге асырылады. Қайтаруыңызды 10 күн немесе одан да көп уақыт ішінде алмасаңыз, процесті жылдамдату үшін банкіңізге хабарласыңыз. Қайтару және айырбастау саясаты немесе бас тарту құқығы туралы толығырақ ақпаратты Қоғамдық ұсыныс бетінде табуға болады.
Түбіртек, этикеткалары бүтін және тауар зақымдалмаған жағдайда тауардың қайтарылуы 3-7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Тауарды қолма-қол ақшамен төлесеңіз, қайтару сол күні жүзеге асырылады. Егер сатып алу қолма қол ақшамен болса, қайтару сол күні жүзеге асырылады. Егер фискалдық түбіртек жоқ болса немесе жоғалса (Kaspi немесе басқа банктің карталары арқылы төлем жасағанда) дүкенге барып, қалпына келтіруге өтініш жазу керек. Өтінімдерді өңдеу 3-4 жұмыс күн алады. Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде фискалдық түбіртексіз айырбастау немесе қайтару мүмкін емес.
Тапсырыстан «Менің тапсырыстарым» бөліміне өтіп, бас тартуға болады. Тапсырыс күйі «Тапсырыс жиналуда» - деп өзгерсе, тапсырыстан бас тарту мүмкін емес. Тапсырысты жойғаннан кейін қайтару банк картаңызға 3-7 жұмыс күн аралығында түседі.
Тапсырысыңызда бір немесе бірнеше тауар жоқ болса, бізбен хабарласыңыз.
Егер тапсырыс берген өлшемге / сипатқа сәйкес келмейтін тауар алсаңыз, бізбен хабарласыңыз.
Егер сапаға сай келмейтін тауарды алсаңыз, бізбен хабарласыңыз.
Қажетті өнімдер мен өлшемдерді таңдағаннан кейін, «Себетке қосу» өрісін басыңыз. Оң жақта себетке салынған тауарларды көрсететін терезе ашылады. Сол терезеде тауарлардың санын өзгертуге болады.
Онлайн тапсырыстар Visa және Master Card төлем карталары арқылы қабылданады. Веб-сайтқа тапсырыс берген кезде картаңыздың мәліметтерін енгізіп, барлық қажетті өрістерді толтыруыңыз керек. Назар аударыңыз! Тапсырысты алған кезде қолма-қол ақшамен немесе Kaspi арқылы төлеу мүмкін емес.
Тапсырысты алу үшін келесі ақпаратты көрсету керек:
1. Тегі, аты, әкесінің аты;
2. Телефон нөмірі;
3. Электрондық пошта;
4. Нақты мекенжай (қала, шағын аудан, көше, үй/пәтер нөмірі).
Жеткізу кешігуін болдырмау үшін жазылған мәліметтерді қайта тексеріп шығуды сұраймыз.
Сіздің барлық тапсырыстарыңыз профиліңізде көрсетіледі. Ол үшін сізге аккаунт ашу қажет. Негізгі бетке өтіңіз немесе тіркелу үшін осы жерді басыңыз.
Құпия сөзді өзгерту үшін "Құпия сөзді" өзгерту бөліміне өтіңіз. Егер құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, жүйеге кіру кезінде «Құпия сөзді ұмыттым» батырмасын басыңыз. Электронды поштаңызға құпия сөзді қалпына келтіру туралы хат жіберіледі.
Профиль арқылы жеке ақпаратыңызды, мекенжайыңызды және төлем мәліметтерін өзгерте аласыз.
Негізгі беттің жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгішені басып, сайтқа тіркелесіз. Профиль арқылы сіз тапсырыстарыңыздың күйін бақылай аласыз.
«Тіркеу» бөлімінде барлық қажетті жеке деректерді енгізе аласыз. Егер тіркелген болсаңыз, электрондық пошта мен құпия сөзді енгізгеннен кейін жүйеге кіруге болады. Профиль бөлімінде жүйеден шығуға немесе қайта кіруге болады.
Таңдаулылар опциясын пайдаланып, өзіңізге ұнайтын өнімдерді сақтауға болады. Тауарды таңдаулы ретінде белгілеу оны брондауды білдірмейді.
Қызығушылығыңызға рақмет! Барлық ашық вакансиялар Head Hunter https://hh.kz/employer/4742030 ресми парақшасында жарияланған.
Сыйлық картасы сатып алынған күннен бастап 1 жыл бойы жарамды. Тауарды сыйлық картамен сатып алу кезінде картаның номиналы жеткіліксіз болса, жетпейтін соманы төлеуге болады. Егер тауардың бағасы картаның номиналды құнынан төмен болса, картадағы қалған сома жойылады.
Сыйлық картасының номиналдары: 5 000, 10 000, 15 000, 20 000, 30 000 және 50 000 теңге.
Карталарды біздің дүкендерде сатып алуға болады. Сыйлық картасымен тауарды дүкендерде сатып алу үшін, картаны сатушыға көрсету қажет.
Біздің сыйлық картамыз ресми Qazaq Republic дүкендерімізде жарамды. Сайт арқылы тапсырысты сыйлық картасымен төлеу мүмкін емес.
Футболкалар мен кеңжейделерді жуу
Кір жуғыш машинада 30 градус салқын суда жууға кеңес береміз. Салқын суда жуу мата мен принтті мұқият сақталуын қамтамасыз етеді. Боялған заттармен бірге жууды ұсынбаймыз. Сондай-ақ, киімдеріңіз оңып кетпес үшін күнге кептірмеуіңізді сұраймыз.
Сөмкелер
Сөмкедегі майда дақтарды дымқыл майлықпен кетіре аласыз. Сөмкелерді судың температурасы 30 градустан төмен, қосымша химиялық заттарды қолданбай қолмен жууға кеңес береміз.
Сөмкені жуу барысында ішін сыртқа айналдыруға ұсынамыз.
Дорба
Дорбаны кір жуғыш машинада немесе қолмен жууға тыйым салынады.
Салқын сумен сабын ерітіндісін дайындап, дорбаның бетін шүберекпен немесе губкамен сүртіңіз.
Бомбер мен бүржейде
Ағартқышсыз био-ұнтақтарды қолдануға кеңес береміз.
Қара түсті бүржейде мен бомберді жуу үшін қара киімдерге арналған жуғыш заттарды қолдануға кеңес береміз.
Компания немесе ұйымыңызға корпоративті киімге (мерчке) тапсырыс беру үшін немесе корпоративті сыйлықтар дайындау үшін өтінімді осында қалдырыңыз. Біз міндетті түрде жауап береміз.
Брендтер/компаниялар арасындағы (коллаборация) ынтымақтастық туралы ұсынысты біздің маркетинг тобы қарастырады. Өтінімді толтыруыңызды сұраймыз. Біз міндетті түрде жауап береміз.
Кэшбэк сатып алу соммасының 5% мөлшерінде есептеледі және 14 күндік қайтару кезеңі аяқталғаннан кейін, 15-күні түседі.
Кэшбэкті онлайн және офлайн дүкендерде де сатып алу кезінде пайдалануға болады.
Тапсырыс соммасының 30%-ына дейін кэшбэкпен төлеуге рұқсат етіледі.
Кэшбэкпен төлеу үшін чат-боттан «Менің QR-кодым» бөліміндегі кодты кассирге көрсету қажет. QR-код сканерленген соң, бонус автоматты түрде төлемге қолданылады.
Егер тауарды қайтарсаңыз:
Тауарға есептелген кэшбэк жойылады
Бұрын жұмсалған кэшбэк қалпына келтіріледі
Қайтарылған қаражат картаға аударылады
Кэшбэк есептелген күннен бастап 365 күн ішінде жарамды. Мерзім аяқталған соң пайдаланылмаған кэшбэктер жойылады.
Егер сатып алудан кейін 14 күн ішінде кэшбэк есептелмесе, клиенттерді қолдау қызметіне хабарласыңыз — мәселені тез арада шешуге көмектесеміз.